Жыл басынан бері Қазақстанда 23 нысан жекешелендірілді - Ұлттық экономика министрі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жыл басынан бері Қазақстанда құны 3 млрд. теңгеден астам соманы құрайтын 23 нысан жекешелендірілен. Бұл туралы бүгін халық алдында есеп берген Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев мәлім етті.
None
None

«Жыл басынан бері жекешелендірілген 23 нысанның бесеуі республикалық жекеменшіктен 1,8 млд теңгеге, он үші коммуналдық жекеменшіктен 984 млн. теңгеге жекешелендірілді. Тағы бес нысан әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация басқаруынан 283 млн. теңгеге жекешелендірілді»,-деп хабарлады министр.

Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылдың 30 желтоқсанында 2016-2020 жылдарға арналған кешенді жекешелендіру жоспары қабылданған еді. Жоспарға сәйкес, еліміз бойынша 783 ұйым жекешелендіруге өтіп, бәсекелі ортаға өтуі керек.

Соңғы жаңалықтар