Жыл басынан бері Қазақстанда 303 адам суға батып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жыл басынан Қазақстанда су қоймасына 303 адам, соның ішінде 124 бала батып кетті, деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

Жыл басынан бері Қазақстанда 303 адам суға батып кетті

«2016 жылдың 7 айында елдің су қоймаларында 303 адам, соның ішінде 124 бала батып кетті. Шілде айының өзінде 106 адам, соның ішінде 42 бала суға кетті»,- деді Р. Иманқұлов.

Құтқарушылар 536 адамды, соның ішінде 112 баланы құтқарып қалды.

«Адамдар көбіне жүзуге арналмаған орындарға суға түсіп, қайғылы оқиғаға душар болады. Сондай-ақ су қоймаларының маңында ересектердің қарауынсыз қалған балалардың суға кетуі көп кездесіп жатады», - деді Р. Иманқұлов.