Жыл басынан бері Қазақстанда заңсыз жұмыс істеген 60 діни бірлестік жабылды - ІІМ

АСТАНА. 22 қараша. ҚазАқпарат - Биылғы жылдың басынан бері Қазақстанда  тіркелмей заңсыз жұмыс істеген 60 діни бірлестік пен арандатқыш сайттар жабылды. Бүгін Парламент Мәжілісінде өткен конференция барысында сөз сөйлеген ІІМ Криминалдық полиция комитетінің экстремизмге қарсы күрес басқармасы бастығы Еркін Қалиев осылай мәлім етті.

Жыл басынан бері Қазақстанда заңсыз жұмыс істеген 60 діни бірлестік жабылды - ІІМ

Оның айтуынша, аталған мерзім аралығында экстремистік сипаттағы қылмыстар бойынша 25 іс қозғалды.

«Діни қатынастар саласында 230 әкімшілік заң бұзушылық анықталып, тіркелмеген 60 діни бірлестіктің жұмысы тоқтатылды. Сонымен қатар, көші-қон заңын бұза отырып, тіркеусіз жұмыс істеп жүрген 67 миссионер, соның ішінде 13 шетел азаматы елден аластатылды», - деді ол.