Жыл басынан бері қазақстандық зауыттар 6 мың тоннадай мұнай өңдеген

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда мұнай өңдеу көлемі артқан. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Мәжіліс депуттарының сауалына жолдаған жауабында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Мұнай өңдеу көлемі 4 айдың ішінде 5,9 млн тоннаға жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 5,2% өсім көрсетті. Диезль өндіру көлемі жылдың төрт айында 1 млн 653 мың тонна болды. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 8,7% көп», - деп жазылған вице-премьердің жауабында.

Оның айтуына қарағанда, жыл аяғына дейін 5, 129 млн тонна дизель өндіру жоспарланған.

«30 мамырдағы жағдай бойынша мұнай өңдеу зауыттарында қалған дизельдің жиынтық көлемі 377,79 мың тонна болады. Бұл елдің 25 тәулік қажеттілігіне жетеді. Индикативтік балансқа сәйкес, 2022 жылы Ресей Федерациясынан 5 мың тоннаға дейін бензин, 520 мың тонна дизель, 300 мың авиакеросин әкелу көзделген», - дейді Роман Скляр.

Оның мәліметі бойынша, жылдың төрт айында импортталған дизель отынының көлемі 66 мың тонна болған. Сондай-ақ, 31 мың тонна авиакеросин импортталған.

Бұған дейін жазғанымыздай, Қазақстанда дизель бағасы өсіп жатыр.


Соңғы жаңалықтар