Жыл басынан бері қазақстандықтар 30,5 млрд теңгенің әлеуметтік жәрдемақысын алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылдың қаңтар-наурыз айлары аралығында Қазақстанда республикалық бюджеттен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар төлеуге 29,3 млрд. теңге, мемлекеттік арнайы жәрдемақылар төлеуге 1,2 млрд. теңге жұмсалды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметінен хабарланды.
None
None

Министрліктің мәліметіне қарағанда, бүгінгі таңда мүгедектігі бойынша мемлекеттік арнаулы жәрдемақы алатындар саны - 490,9 мың адамды, асыраушысынан айырылу бойынша - 178,7 мың адамды, жасына байланысты - 5,6 мың адамды құрайды.

«Аталған мерзім аралығында мемелкеттік арнаулы жәрдемақының орташа мөлшері мүгедектігі бойынша - 22 487 теңгені, асыраушысынан айырылу жағдайына байланысты - 20 222 теңгені, ал жасына байланысты - 11 110 теңгені құрап отыр. Бұдан бөлек, республикамызда № 1 және № 2 тізім бойынша мемлекеттік арнайы жәрдемақылар алатындар саны 31,8 мың адамды құрайды», - делінген баспасөз баянында.

Айта кетерлігі, ағымдағы жылдың басынан бері № 1 және № 2 тізім бойынша мемлекеттік арнайы жәрдемақылар мөлшері 18 671 теңгені және 16 610 теңгені құрап отыр.

Соңғы жаңалықтар