Жыл басынан бері КҚК бойынша Новоресейге 5 млн.тонна мұнай жөнелтілді

АТЫРАУ. 10 наурыз. ҚазАқпарат - 2013 жылдың қаңтар-ақпан айларында Каспий мұнай құбыры консорциумы (КҚК) бойынша жалпы көлемі 5 млн. тонна мұнай жөнелтілді, деп хабарлады консорциумның баспасөз қызметі.
None
None

Қаңтар айында Атырау облысындағы Теңіз кенішінен құбыр арқылы РФ-ның Новоресей айлағына 2 млн. 486 мың тонна мұнай, ақпанда - 2 млн. 520 мың тонна шикізат жөнелтілді. Өткен жылы екі айдың ішінде КҚК бойынша Новоресей айлағына 4 млн. 907 мың тонна мұнай жөнелтілген болатын.

Еске сала кетейік, 2011 жылғы шілдеден бастап КҚК құбыр жүйесін кеңейту жобасын жүзеге асыруда. КҚК қуатын арттыру жобасы аяқталғаннан кейін мұнай жөнелту көлемі 67 млн. тоннаға жетпек. Жобаның құны 5,4 млрд. долларға бағалануда.

Соңғы жаңалықтар