21:22, 04 Сәуір 2016 | GMT +5
Жыл басынан бері Қызылорда облысында 305 алаяқтық қылмыс тіркелді
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Биыл Қызылорда облысында 305 алаяқтық қылмысы тіркелді. Бұл өткен жылдың үш айындағы көрсеткіштен 26 пайызға аз.

Облыстық прокуратураның баспасөз қызметінің хабарлауынша, осы санаттағы қылмыстар Шиелі ауданында (19-дан 27-ге), Қармақшы ауданында (5-тен 6-ға), Қазалы ауданында (8-ден 9-ға) өскен болса, басқа аудандарда азайған.
Бұл санаттағы қылмыстардың басым бөлігі - несие, жер, пәтер алып беруге, жұмысқа тұрғызуға және ұялы телефонға байланысты құқық бұзушылықтар.