Жыл басынан бері «Нұр Отан» ХДП қоғамдық қабылдауына 1 700-ге тарта азаматтың шағымы келіп түскен - Жамбыл облысы

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Мамырдың 31-і. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Жыл басынан бері «Нұр Отан» ХДП қоғамдық қабылдауына 1 700-ге тарта азаматтың шағымы келіп түскен.
None
None

«Халықтық партияға деген сенім жыл сайын артып келеді. Біздің қоғамдық қабылдауымыз өз кезегінде тұрғындар мен билік арасын байланыстыратын буынға айналды», - деді қоғамдық қабылдаудың меңгерушісі Бақыт Төлемісова.

«Сенің «Жемқорлыққа жол жоқ!» дегенің маңызды» республикалық акциясы аясында «Нұр Отан» ХДП қоғамдық қабылдауында тұрғындарды ІІД, облыстық прокуратура, қаржы полициясы ведомстволарының басшылары қабылдады.

«Бізге жүгінген тұрғындардың көпшілігін сот шешімімен келіспеу, қызметтегі адамдардың заңсыз іс-әрекеті, әртүрлі жәрдемақылар мен квоталарды алудағы қиындықтар сияқты мәселелер толғандырады», - деп түсіндірді Б.Төлемісова.

«Нұр Отан» ХДП қоғамдық қабылдауына жыл басынан бері келіп түскен арыз-шағымдардың жартысынан көбі шешімін тапқан.

Соңғы жаңалықтар