Жыл басынан бері «Нұрлы жол» бағдарламасының аясында 4 мыңға жуық арендалық пәтер пайдалануға берілді - «Бәйтерек» ҰБХ

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Бәйтерек» холдингі «Нұрлы жол» бағдарламасының аясында жыл басынан бері шамамен 4 мың арендалық пәтердің пайдалануға енгізілуін қамтамасыз етті.
None
None

«Қазіргі уақытта «Бәйтерек» холдингі Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Көкшетау, Қостанай, Семей, Тараз, Қарағанды, Ақтау, Талдықорған және Қызылорда қалаларында аумағы 226,4 мың шаршы метр 3 983 пәтердің пайдалануға берілуі мен үдестірілуін қаматамыз етіп отыр. Жыл соңына дейін қосымша тағы 3 мыңнан астам пәтердің енгізілуі іске асырылады», - делінген холдингтің таратқан баспасөз хабарламасында.

Жалпы алғанда Қазақстан бойынша 95,7 млрд. теңгеге ауданы 633,5 мың шаршы метрді құрайтын 11 мыңнан астам пәтерді сатып алу мен салу келісімдеріне қол қойылды. Соның ішінде 2015 жылы жалпы ауданы 415,3 мың шаршы метр 7 014 арендалық пәтерді енгізу жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар