Жыл басынан бері салық төлеушілерді тексерудің жаңа жүйесі жүзеге асып келеді - Қаржы министрлігі

АСТАНА. ҚазАқпарат -2015 жылдың басынан бері мемлекеттік кіріс органдарымен салық төлеушілерге тек ішінара іріктеліп және жоспардан тыс тексерулер жүргізіліп келеді. Бүгін мемлекеттік органдардың салықтық тексерулеріне арналған дөңгелек үстел жиыны барысында Қаржы министрлігі Мемлекеттік кіріс комитетінің басқарма басшысы Серік Айсин осылай мәлім етті.
None
None

Оның айтуынша, 2015 жылдың 1 қаңтарынан Қазақстан Республикасында Салық кодексіне енгізілген өзгерістер, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау туралы заңның жаңа нормалары күшіне еніп отыр. Осы заңнамалар шеңберінде жоспарлы тексерулер алынып тасталып, оның орнына тексерудің жаңа түрі - ішінара іріктеп тексеру енгізілген. Осыған байланысты, 2015 жылдың басынан бері салықтық тексерулер іріктеп ішінара және жоспардан тыс деп екіге жіктеліп отыр.

«Бұл ретте ішінара іріктеп тексеру негізінен 2014 жылдың соңына таман енгізілген тәуекелдерді басқарудың жаңа жүйесін қолдану арқылы салық төлеушілерге қатысты тағайындалатын болады. Ал тәуекелдерді басқарудың жаңа жүйесі әлемдегі ең озық үлгінің бірі болып табылады. Ол үшін арнайы әдіснама-тәсілдер бекітіліп, жекелеген тәуекелдерді нақпа-нақ айқындайтын салықтық тәуекелдер өлшемдері қамтылған. Сонымен қатар, тәуекелдерді басқару жүйесінің әрбір бұзушылығына орай арнайы критерийлер дайындалған», - дейді Серік Айсин.

Оның сөзіне қарағанда, Салық кодексіне сәйкес, тәуекелдерді басқару жүйесінің критерийлері құпия ақпараттарға жатқызылады. Ал ондай өлшемдер негізінде әрбір субъектінің тәуекелдік деңгейі айқындалады. Осыған байланысты орталық аппаратта салық төлеушілер арасынан тәуекелдері жоғары субъектілер тізімі жасақталады, міне, соларға қатысты іріктеп ішінара тексерулер жүргізіледі.

«Егер салық төлеушінің тәуекел санаты орташа немесе төменгі деңгейде, не болмаса тәуекелі мүлдем байқалмаса, онда оған қатысты тәуекелдері болдырмау немесе төмендетудің басқа жолдары қарастырылады. Ал жоспардан тыс тексерулер салық төлеушілердің өздері тарапынан жасалған өтініш бойынша, Қылмыстық-процессуалдық кодекс аясында құқық қорғау органдарының бастамасымен, салық органының шешімімен, сондай-ақ салық төлеушілердің шағымы негізінде жүзеге асады», - дейді басқарма басшысы.

Соңғы жаңалықтар