Жыл басынан бері шағын бизнеске қатысты тексерулер көбейген
Биыл микро және шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты мемлекеттік органдар жүргізген тексерулер саны артты. Бұл мәліметті ҚазАқпарат тілшісіне Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті ұсынды.
«Биыл 6 айда мемлекеттік бақылау және қадағалау органдары 25 503 тексеру жүргізген. Бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 49,4%-ға аз (2022 жылы - 50 419 тексеру). Оның ішінде жоспардан тыс тексерістер саны - 21 845», - делінген комитет ұсынған деректе.
Жыл басынан бері микро, шағын және ірі кәсіпкерлікке қатысты жүргізілген тексерулер саны артқан. Нақты тоқталсақ:
• микро бизнес - 3 574 тексеру (2022 жылы – 2 207 тексеру);
• шағын бизнес - 7 788 тексеру (2022 жылы – 4 428 тексеру);
• орта бизнес - 2 590 тексеру (2022 жылы – 5 783 тексеру);
• ірі бизнес - 2 487 тексеру (2022 жылы – 5 610 тексеру).
«Ең көп тіркелген тексерулер Алматы қаласында - 3 718, Астана қаласында - 1 923, Шығыс Қазақстанда - 1 695, Қарағанды облысында - 1 607, Қостанай – 1 578 және Ақмола облысында (1 491 тексеру) тіркелді. Ең аз тексерістер Ұлытау (261), Жетісу (621) және Атырау (680) облыстарында жүргізілді», - деді комитеттен тілші сауалына орай.
Еске салайық, былтыр Президент Жарлығымен шағын кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге қатысты мораторий 2024 жылға дейін ұзартылған еді.