Жыл сайын 6 мыңнан астам тәжірибелі полицейлер қызметтен кетеді - Қ.Қасымов

«Нашар қорғалуы, әлеуметтік-тұрмыстық проблемалардың шешілмеуі, психологиялық эмоциялық жүктің артуы, кәсіп тартымдылығының төмендеуі полициядан барынша тәжірибелі қызметкерлердің тұрақты кетуіне түрткі болып отыр», - деді ол.
Министрдің атап өтуінше, кадрдағы ахуалға жүргізілген сараптама мамандардың жиі ауысып тұратындығын көрсеткен. Бұл Ішкі істер министрлігі барлық жүйесінің жедел қызметінің тиімділігіне кері әсерін тигізеді.
«Жыл сайын 6 мыңнан астам жұмыс тәжірибесі мол қызметкерлер жұмыстан кетеді. Бұл кәсіби өзекке де әсерін тигізеді. Қазіргі уақытта криминалдық полиция бөлімшелеріндегі 5 жылдан астам еңбек өтілі бар қызметкерлердің үлесі 65,5, тергеу органдарында - 66,6, учаскелік инспекторлар арасында - 64,2 пайызды құрайды», - деді ол.
Қ.Қасымовтың пайымынша, мұндай статистикалық деректер полиция қызметкерлерінің әлеуметтік қорғалуын күшейту қажеттігіне дәлел бола алады.