Жыл сайын Қазақстанда обырдан 27 мың адам көз жұмады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жыл сайын Қазақстанда обырдан 27 мың адам көз жұмады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында «Ұлттық ғылыми медициналық орталық» АҚ басшысы Абай Байгенжин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Өзіміздің жетістіктерімізді атап өткен кезде, біз алдымызда тұрған маңызды міндеттерді де ұмыт қалдырған емеспіз. Қазіргі уақытта онкология сынды қауіп-қатерлер қауіпке айналды, жылына Қазақстанда 27 мың адам осы дерттен қаза болады. Бүгінгі таңда онкологиялық тізімде 160 мыңнан астам адам тіркелген», - деді ол.

Оның сөзіне қарағанда, жыл сайын 34 мыңнан астам адамда обыр дерті табылып жатады.

«Біз міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға өте үлкен үміт артып отырмыз. Ол арқылы  халыққа сапалы медициналық қызмет көрсету едәуір артады», - деп атап өтті орталық басшысы.

Соңғы жаңалықтар