Жыл сайын көшеде беймезгіл жүрген 100 мыңнан аса бала полицияға жеткізіледі – ІІМ

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингіде ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Ренат Зұлхайыров жыл сайын көшелерде беймезгіл жүрген он мыңдаған бала полция учаскесіне жеткізілетінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Кәмелетке толмағандар арасындағы және оларға қатысты қылмыстардың себептері туралы айтатын болсақ, мұнда ата-аналар балалардың мінез-құлқы мен бос уақытына көңіл бөлмейді. Жыл сайын көшелерде беймезгіл жүрген 100 мыңнан астам кәмелетке толмаған бала полиция учаскелерін жеткізіледі. Осы жылдың өзінде балалардың тұрғын үйден тыс жерде болғаны үшін ішкі істер органдарына кәмелетке толмаған 22 мыңнан аса адам жеткізілді», - деп мәлім етті комитет төрағасының орынбасары.

Ренат Зұлхайыров сондай-ақ кәсіпкерлерге қатысты жауапкершілік шараларын еске салды.

«Заңнамада түнгі уақытта ойын-сауық орындарында кәмелетке толмағандардың болуына мүмкіндік беретін кәсіпкерлерге қатысты жауапкершілік қарастырылған. Биыл осындай 680 кәсіпкер жауапқа тартылды. Біз мұндай адамдарды ішкі істер органдарының есебіне қоямыз, олармен профилактикалық жұмыс жүргіземіз», - деп толықтырды Ренат Зұлхайыров.

Бұрын хабарлағанымыздай, өткен жылы бала алдындағы ата-ана міндетін орындамаған 7 мыңнан аса адам жауапқа тартылғанын мәлім етті.


Соңғы жаңалықтар