Жыл сайын «Жас ұлан» әскери-патриоттық мектебін 600 оқушы тәмамдайды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Жылына «Жас ұлан» республикалық әскери-патриоттық мектебін 600 оқушы аяқтайды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифнгіде Әскери білім және ғылым департаментінің басшысы Жұмабек Ахметов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жыл сайын «Жас ұлан» әскери-патриоттық мектебін 600 оқушы тәмамдайды

«Қазақстан Қарулы күштеріндегі жалпы орта білім беруді Алматы, Қарағанды және Шымкент қалаларындағы «Жас ұлан» республикалық мектептері ұсынады. Мектептердің негізгі міндеті - сапалы жалпы орта білім берумен қатар оқушыларды кәсіптік бағдарланған бастауыш оқыту. Мектептерде оқу мерзімі 2 жыл. Мектепке 9 сыныпты бітірген және негізгі орта білім туралы куәлік алған, оқуға түсу жылына кемінде 15, бірақ 16 жастан аспаған ҚР азаматтары қабылданады. Жыл сайын «Жас ұлан» республикалық мектептерін шамамен 600 оқушы бітіреді», - деп мәлім етті департамент басшысы.

Жұмабек Ахметовтың дерегінше, биылдан бастап мерзімді әскери міндетін атқарған жастар Қорғаныс министрлігінің оқу орындарына емтихансыз қабылданатынын айтқан еді.