Жыл соңына дейін Алматы қаласын дамытуға 11,8 млрд., Астана қаласына 13,1 млрд. теңге бөлінеді - Қаржы министрі

АСТАНА. Қыркүйектің 14-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Жыл соңына дейін Алматы қаласын дамытуға 11,8 млрд., Астана қаласын дамытуға 13,1 млрд. теңге бөліну көзделуде. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде «2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасының таныстырылымы барысында ҚР Қаржы министрі Болат Жәмішев мәлім етті.
None
None

«Бұның ішінде Алматыдағы метро құрылысын жалғастыруға - 10,5 млрд. теңге, педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының емдеу ғимаратын салуға - 400 млн. теңге, ядролық медицина және биофизика орталығын құруға -0,9 млрд. теңге жұмсалатыны көзделген. Бұдан бөлек, Алматы қаласында 2011 жылғы 7-ші Азия ойындарын өткізуге қосымша 8,4 млрд. теңге қаралып отыр», деді Б. Жәмішев. Оның айтуынша, Астана қаласын дамытуға 13,1 млрд. теңге бөлінеді. Атап айтқанда, сумен жабдықтауға 5,7 млрд. теңге, кардиохирургия орталығын салуға 2,8 млрд. теңге, жолдарды қайта жаңартуға және орташа жөндеуге 4,2 млрд. теңге қарастырылады. Бұдан басқа, Астана қаласына Азиада ойындарын өткізу үшін қосымша 8,5 млрд. теңге көзделген.

Соңғы жаңалықтар