Жыл соңына дейін Моңғолияда, Ресей, Тәжікстан, Қытай мен ЕО-да Қазақстанның сауда миссиялары өтпек

АСТАНА. 6 сәуір. ҚазАқпарат -«KAZNEX INVEST» Экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі жыл соңына дейін Моңғолияда, Ресейде, Тәжікстанда, Қытай мен Еуроодақта қазақстандық сауда миссиясын өткізуді жоспарлап отыр.
None
None

Бұл туралы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Еске салсақ, «KAZNEX INVEST» Экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі 2009 жылдан бері Қытай, Корея, Түркменстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Ресей, Румыния, Грузия, Әзірбайжан, Иран, Үндістан елдерінде 15-ке жуық сауда миссиясы шараларын өткізген болатын.

Бұндай сауда миссиялары Қазақстанның экспорттық әлеуетіне қосымша серпін беретін болады. Сондай-ақ шара аясындағы елдердің кәсіпкерлерімен өткізілетін бизнес-форумдар қорытындыларына сәйкес, маңызды экспорттық келісімшарттарға қол жетіп келеді.

Соңғы жаңалықтар