Жыл соңына дейін рұқсат беру құжаттарының барлығын бір ғана заңда қарастыратын жоба даярланады - Б. Сағынтаев

None
None
АСТАНА. 28 маусым. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың соңына дейін рұқсат беру құжаттарын бір ғана заңда қарастыратын заң жобасы  даярланады.

Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында рұқсат беру құжаттарын қысқартуды көздейтін заң жобасын талқылау барысында Экономикалық даму және сауда министрі Бақытжан Сағынтаев осылай мәлім етті.

Министрдің айтуынша, бұған дейін елімізде рұқсат беру құжаттарын 30 пайызға дейін қысқарту шарасы бір рет жүзеге асқан болатын. «Бірінші кезеңде негізінен мемлекеттік органдардың бізге ұсынған тізім бойынша қысқартылған еді. Ал екінші рет біз өзіміз мемлекеттік органдардың жұмысына инвентаризация жасай отырып, рұқсат беру құжаттарын қысқартудың тізімін шығарып отырмыз. Дегенмен, кәсіпкерлікті тежейтін құжаттарды қысқарту алдағы уақытта да жалғасатын болады. Соған орай, біз мемлекетіміздегі қысқарту тұжырымдамасын бекіттік. Жыл соңына дейін арнайы заң жобасы даярланатын болады», - дейді Б. Сағынтаев.

Оның айтуынша, сол заң жобасына сәйкес, елімізде рұқсат беруді қамтитын бір ғана заң болады. Яғни, елімізде берілетін лицензиялар, рұқсаттамалар бір ғана заңның аясында реттеледі.

Соңғы жаңалықтар
telegram