13:21, 08 Мамыр 2012 | GMT +5
Жыл соңына дейін жеңіл кәсіпкерлікті тіркеу және оның қызметін тоқтату рәсімдері жеңілдетіледі - Қаржы министрі
АСТАНА. 8 мамыр. ҚазАқпарат - Жыл соңына дейін жеңіл кәсіпкерлікті тіркеу және оның қызметін тоқтату шаралары жеңілдетіледі.

Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында ҚР Қаржы министрі Болат жәмішев мәлім етті.
«Салық заңнамасына жеке кәсіпкерлікті тіркеу, оның қызметін тоқтату процедураларын жеңілдету бойынша түзетулер әзірлену үстінде», - деді ол.
Сонымен қатар министрдің атап өтуіне қарағанда, жеңілдетілген декларация негізінде арнайы салық режімін қолданатын және қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын жеке кәсіпкерлерге бухгалтерлік есеп жүргізуден босату бойынша толықтырулар мен өзгертулер дайындалуда. «Аталған заңнамалық нормаларды ағымдағы жылдың соңына дейін қабылдау бағытындағы шаралар қолға алынатын болады», - деді Б.Жәмішев.