Жылан жұтқан жыланды сыртқа қайта шығарып тастады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Техаста жергілікті тұрғын бауырымен жорғалаушының ерекше оқиғасының куәсі болды, жыланды жұтып қойған екінші жылан  бұл ойынан бас тартып, оны сыртқа шығарып тастады.   

Жылан жұтқан жыланды сыртқа қайта шығарып тастады

Аңшы-жылан   техастық бауырымен жорғалаушы болуы мүмкін.  Ал, құрбанның қандай түрге жататыны анықталған жоқ.   Серпентологтар жыландар олжасын тұтастай  шайнамай жұтып, сосын біртіндеп сіңіретінін айтады.   

Ғалымдар жылан түскі асын адаммен кездесіп қалған сәттегі қорқынышы салдарынан сыртқа шығарып тастаған  деп болжайды. Себебі жыланды ол жақын арада ғана жұтқан. Ол әлі де тірі. Сөйтіп бұл күн осындай сирек сәтті түсірген видео авторы үшін, сондай-ақ жыланның өмір сүруіне екінші мүмкіндік сыйлаған   бақытты күн болды.