Жылдық жоспарды Екібастұз ЖЭС-2 энергетиктері мерзімінен бұрын орындады

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. 26 желтоқсан. ҚазАқпарат - «Екібастұз ЖЭС-2 стансасы» АҚ (Павлодар облысы) электр энергиясын шығару бойынша жылдық жоспарды мерзімінен бұрын орындады,
None
None

деп хабарлады кәсіпорынның баспасөз қызметінен.

24 желтоқсанға дейін жылдық жоспар негізінде өндірілуі керек 6 125 952 мың кВТ/с-тың 6 128 104 мың кВт/с электр энергиясы шығарылды.

ЖЭС-2 энергетиктері үшін аяқталып келе жатқан жыл ерекше болды - 2 блоктың іске қосылғанына 20 жыл толды. Одан ары даму перспективасы пайда болды - 3-ші энергоблоктың құрылысы салынуда. Энергетиктер болашақта стансаның қуаттылығы артады деген сенімде.

Павлодар облысындағы 2-орын, республикадағы 3-орын үшін ЕЖЭС-2 Ұлттық сертификатпен және «Сала жетекшісі-2013» медалімен марапатталды.

Соңғы жаңалықтар