Жылқы жылында жаңа табыстар мен жарқын істер тілеймін! - Қостанай облысының әкімі

АСТАНА. 1 қаңтар. ҚазАқпарат - Қостанай облысың әкімі Нұралы Садуақасов қостанайлықтарды Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.
None
None

Құрметті қостанайлықтар!

Сіздерді шын жүректен жалпыхалықтық және өміршең жасампаз мереке - Жаңа жылмен құттықтаймын!

Өтіп бара жатқан жыл біздің баршамыз үшін табыстар мен жетістіктер, әлеуметтік-экономикалық саладағы ой-мақсаттар мен жобалардың жүзеге асырылған кезеңі болды. Осының арқасында біз өзіміздің дамуымыздың сапалы жаңа көкжиектеріне шықтық. Ел Президенті Н.Ә. Назарбаевтың стратегиялық бағытын және мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру аясында жаңа өндірістік нысандар салынды және пайдалануға берілді, мыңдаған жұмыс орындары ашылды.Экономиканың бірқатар салалары бойынша біздің аграрлық-индустриалды облысымыз республика бойынша алғы шептерге шықты. Жақын және алыс шет елдерімен ықпалдастық үдерістерін дамытудағы шетелдік инвестициялар көлемдерін ұлғайту үшін негіз салған белгілі бір табыстарымыз да қуантпай қоймайды. Біз білім беру, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау, мәдениет және спорт салаларындағы үдемелі алға жылжуымыздың нәтижелерін көріп отырмыз. Осылардың барлығының артында жүз мыңдаған қостанайлықтардың адами капиталды дамытуға және азаматтардың хал-ахуалын жоғарылатуға бағытталған күн сайынғы жасампаз еңбегі тұр. Қымбатты жерлестер! Жарқын жаңажылдық мереке қарсаңында жемісті жұмыстарыңыз үшін шын жүректен білдіріп отырған алғысқа толы лебізімді қабыл алыңыздар! Сіздерге және сіздердің жақындарыңызға шын көңілден мықты денсаулық, бақыт, сәттіліктер, жаңа табыстар мен жарқын істер тілеймін!

Соңғы жаңалықтар