Жылына кем дегенде 2-3 толықметражды анимациялық фильмдер шығаруымыз керек - Ермек Аманшаев

АЛМАТЫ. 18 наурыз. ҚазАқпарат - Балалар енді «Ер Төстік пен айдаһар» ертегісінің кейіпкерлері бейнеленген күнделікті оқу құралдарын пайдалануға мүмкіндік алады. Бұл туралы бүгін Алматыда Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ-ның президенті Ермек Аманшаев қазақтың тұңғыш толықметражды анимациялық фильмінің тұсаукесері кезінде айтты.
None
None

«Еліміздің түкпір-түкпіріндегі анимациялық топтардың бәрімен бірдей толықметражды фильм түсіруге мүмкіншілігіміз жоқ. Бірақ, қысқа метражды 1-15 минуттық фильмдер түсіріп жатырмыз. Жылына қысқа метражды анимациялық фильмдердің жеті-сегізін түсіреміз. Ал енді толықметражды фильм биыл тұңғыш рет үлкен экранға шыққалы отыр. Алдағы уақытта енді жылына кемінде 2-3 толықметражды мультфильмдер шығаруымыз керек», - деді Е.Аманшаев. Оның айтуынша, Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ кеңсе тауарларын сататын «Абди» компаниясымен келісіп, Ер Төстік, Кенжекей, Таусағар, Көлтауысар, Желаяқ сияқты қазақ ертегілерінің кейіпкерлері сомдалған оқу құралдарын шығаруды қолға алған көрінеді. Қазіргі кезде оның алғашқы нұсқалары дайын болып отыр. Сондай-ақ енді комикстер кітабы да дайындап жатыр екен. Ал фильм сценариінің авторы және режиссер Жәкен Дәненовтің сөзіне қарағанда алдағы уақытта әлеуметтік сауалнама жүргізу арқылы көрерменге ерекше ұнаған кейіпкерлер туралы фильм түсіру жұмысы одан ары жалғастырылады.

Соңғы жаңалықтар