Жылыту маусымы кезінде өрттен 190 адам көз жұмды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016-2017 жылғы жылыту маусымы кезінде Қазақстанда өрттен 190 адам көз жұмды. Бұл туралы бүгін брифингте ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер мәлім етті, деп xабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

"Азаматтар өз қауіпсіздігіне салғырт қарайды. Өрт немесе иіс тиіп улану өздерінде орын алмайды деп есептейді. Осының салдарынан өте қайғылы жағдайларға ұшырап жатады", - дейді Беккер.

Жалпы 2016-2017 жылғы жылыту маусымы кезінде тұрғын үй секторында 3,6 мың өрт тіркелген. Оның ішінде жер үйлерде - 1400, көппәтерлі үйлерде - 448. Қазақстанда өрттен 190 адам көз жұмып, 252 адам жарақаттанған. Сонымен қатар 472 адам құтқарылып, 6,9 млрд. теңгенің мүлкі аман сақтап қалуға мүмкін болыпты.

Оның айтуынша, өрт пен оның салдарынан көз жұматындардың саны Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Алматы облыстарында көп. Өлімге негізінен өрт кезінде ұйқыда болу (42%) және мас болу (33%) себеп болады. Сонымен қатар үйде қараусыз қалған балалар да өрт кезінде көп қаза табады. Осы мерзім ішінде елімізде 8 бүлдіршін өрттен жантәсілім еткен.

Өртке негізінен адамдардың отынды дұрыс пайдаланбауы (1335 оқиға), пешті пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігін ұстанбау (966 оқиға), электржабдықтарды қауіпсіздік талаптарына сай орнатпау және тұтынбау (466 оқиға), балалардың отынмен ойнауы (178 оқиға) себеп болған.

 Беккердің айтуынша, пешті дұрыс тұтынбаудың салдарынан иіс тиіп улану фактілері де азаймай отыр. Биылғы жылыту маусымында 29 адам иіс тиіп көз жұмса, 363 адамның денсаулығына зардабы тиген.

Соңғы жаңалықтар