«Жылжымайтын мүлікті тіркеу» деректер қоры 14 ақпанда қалпына келтіріледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы бірқатар мемлекеттік қызмет көрсетулердің қол жетімсіз болуының себебі «Жылжымайтын мүлікті тіркеу» мемлекеттік деректер базасы жүйесіндегі техникалық ақаулық болып табылады, деп хабарлайды ҚР Әділет министрлігінің сайты.
None
None

Қазіргі уақытта Әділет министрлігі «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамының мамандарымен бірлесіп ақауды жою жұмыстарын жүргізуде.

«ҰАТ» АҚ ақпаратына сәйкес жүйе жұмысы 14 ақпанда қалпына келтірілетін болады.

Әділет министрлігі азаматтардан жүйеде орын алған ақаулыққа сәйкес туындаған ыңғайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.

Соңғы жаңалықтар