18:02, 14 Қараша 2013 | GMT +5
Жыршы Д.Нығметжанов «Жайық Пресс» ЖШС ұжымымен кездесті
ОРАЛ. 14 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін Батыс Қазақстан облысында шығармашылық сапармен жүрген семейлік жыршы, республикалық ақындар айтысы мен жыршы-термешілер байқауларының жеңімпазы Дүйсенғазы Нығметжанов «Жайық Пресс» ЖШС ұжымымен кездесті.

Кездесуде «Жайық Пресс» ЖШС бас директоры Жантас Сафуллин жыршы сапары облыстық «Орал өңірі» мен «Приуралье» газеттерінің 95 жылдығына орайластырылғанын айтып, оның жемісті болып жатқандығын жеткізді. Ақ Жайық жұртшылығын жырмен сусындатқаны үшін Д.Нығметжановқа облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың алғысхаты табыс етілді.
Жыршы журналистер сауалдарына жауап беріп, «Ер Тарғын», «Қобыланды батыр», «Қыз Жібек», «Ер Көкше» жырларынан үзінділер орындап берді.