13:19, 01 Қаңтар 2014 | GMT +5
Жыртқыш балықтан жарақат алғандар саны 85-ке жетті
АСТАНА. 1 қаңтар. ҚазАқпарат - Аргентинаның Росарио қаласының жағажайында пиранья балығы жарақаттаған адамдар саны 85-ке жетті, деп жазады ria.ru.

Шомылу аумағы жабылып, билік темір қоршаулар қойып тастағанның өзінде соңғы күндері 15 адам дәрігерге қаралған. Биологтар бұл жағдайды сирек құбылыс деп бағалап отыр. Олардың айтуынша, жыртқыштардың жағаға жақын келуіне 40 градустық ыстық себеп болуы мүмкін. Күн қатты ысығанда бұл балықтар ашынып, аяусыз шабуыл жасауға көшеді. Бірақ қазір нөсер жаңбыр жауып, аптаптың беті қайтты. Мамандар жақын арада пираньялар шабуылы тыйылар деп үміттеніп отыр.