Зілзаладан қаза болғандар саны 46,1 мыңнан асты – Түркия президенті

«Жер сілкінісінен кейінгі төр аптадан соң бастан өткерген алапаттың ауқымын анағұрлым нақты көріп отырмыз және қайғымызды анағұрлым терең сезінудеміз», - деді Түркия президенті. Оның атап өтуінше, ел билігі табиғи апат салдарынан қираған аудандарды қысқа уақытта қалпына келтіруге бекініп отыр.
«Біздің мақсат – алдағы екі айда 244 ғимарттың және ауылдық үлгідегі 75 мың үйдің құрылысын бастау», - деді Ердоған. Оның сөзінше, 22 мың үйдің құрылысы басталып кетті. Зілзаладан зардап шеккен аудандарда 488 мың жаңа үй салу жоспарлануда. Сондай-ақ аталған аудандарда контейнерлік үлгідегі 100 мың үй орнатылатын болады.
Еске салайық, 6 ақпан күні Түркияда қуаты 7 балдан асатын жойқын жер сілкінісі болды. Соңы мыңдаған афтершокқа ұласқан жерасты дүмпулері түрік елінің 10 провинциясында, сондай-ақ көрші мемлекеттерде, соның ішінде Сирияда сезілді.