Зимбабведе дауыс берушілердің көптігінен сайлау бір күнге ұзартылды
АСТАНА. ҚазАқпарат – Зимбабведе дауыс беруге келушілер легінің жоғары болуына байланысты сайлау тағы бір күнге ұзартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еuronews-ке сілтеме жасап.
Зимбабведе дауыс берушілердің әрқайсысының таңдауын ескеру үшін сайлау бір күнге ұзартылды. Билік мәліметінше, сайлауға мұнша көп халық келетіні күтілмеген.
Сайлауға (Зимбабведе бірден президентке, парламентке және муниципалитеттерге дауыс береді) 11 кандидат түсіп жатыр. Бірақ нақты күрес 2018 жылғы сайлаудағыдай қазіргі президент Эммерсон Мнангагва мен оппозициялық «Азаматтық өзгерістер коалициясынан» Нельсон Чамиза арасында жүріп жатыр. Егер бірінші тур жеңімпазды анықтамаса, қазан айында елде екінші кезең өтеді.