Зимбабведе құтқарушылар құдықтан сусиырды алып шықты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Құтқарушылар құдықтан сусиырдың (гиппопотам) бұзауын алып шықты. Ол Кариб көлі маңындағы ойыққа түсіп кетті, деп хабарлады Daily Mail.
Сусиырды оның денесіне байланған арнайы арқанның көмегімен шығарды. Құтқарылған соң жануар көлде күтіп тұрған анасына қарай шапқылай жөнелді.