Зымыран шабуылынан Әр-Риядтың ең зәулім ғимараттарының бірі бүлінді
АСТАНА. KAZINFORM — Йеменнің «Ансар Аллах» қозғалысымен қақтығыс күшейген тұста Сауд Арабиясының астанасында тағы да шабуыл тіркелді, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Таяу Шығыстағы меншікті тілшісі.
19 қарашада Әр-Риядқа жасалған хуситтердің зымыран шабуылы Сауд Арабиясының Мемлекеттік инвестициялық қорының штаб-пәтері орналасқан PIF Tower мұнарасына зақым келтірген көрінеді. Бұл туралы дереккөздерге сілтеме жасай отырып Reuters хабарлады.
Ғимараттың жеті-сегіз қабатындағы терезелер жарылып, металл қасбетінің элементтері зақымдалғаны хабарланды.
قالت ثلاثة مصادر مطلعة على الأمر لرويترز إن برج صندوق الاستثمارات العامة السعودي تعرض لأضرار جراء غارة جوية استهدفت الحي المالي في الرياض https://t.co/Wn0iOFNHBr
— Reuters | رويترز العربية (@araReuters) November 19, 2026
Агенттіктің мәліметінше, қуатты жарылыстан кейін билік зәулім ғимарат орналасқан Король Абдалла атындағы қаржы ауданына кіретін жолдарды жауып, адамдарды эвакуациялай бастады. Оқиға орнына өрт сөндірушілер мен жедел жәрдем көліктері келді. Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.
Сауд Арабиясы бастаған әскери коалицияның өкілі Түрки әл-Малики әуе қорғаныс күштері Әр-Риядқа жасалған хуситтердің зымыран шабуылына жауап қайтарғанын мәлімдеді.
— Алдын ала бағалаулар қирандылардың құлауы мен материалдық залалды көрсетеді, оның көлемі қазіргі уақытта анықталу үстінде, — деді ол.
التحالف: - تعاملنا مع تهديد صاروخي أطلقته الميليشيا الحوثية الإرهابية باتجاه الرياض. - تقييم أولي بسقوط شظايا وأضرار مادية يجري حصرها. https://t.co/xyPGMjeX9y
— المتحدث الرسمي باسم قوات التحالف (@CJFCSpox) November 19, 2026
Дегенмен, Йемен хуситтерінің «Ансар Аллах» қозғалысы әлі күнге дейін зәулім ғимаратқа жасалған соққыға қатысты ресми мәлімдеме жасаған жоқ.
80 қабатты, 385 метрлік PIF Tower Әр-Риядтың қаржы ауданындағы ең биік ғимарат болып табылады. Онда әлемдегі ең ірі егеменді байлық қорларының бірі, активтері 900 миллиард доллардан (400 триллион теңге) асатын Сауд Арабиясының мемлекеттік инвестициялық қоры (PIF) орналасқан.
⭕️ Confirmed: The PIF Tower (Public Investment Fund) in Riyadh's Financial district was damaged, according to Reuters and local sources. https://t.co/ib2bqrGFfo
— MenchOsint (@MenchOsint) November 19, 2026
Қор корольдіктің ел экономикасын әртараптандыруға және оның мұнай кірістеріне тәуелділігін азайтуға бағытталған 2030 жылға дейінгі экономикалық бағдарламасын іске асыруда маңызды рөл атқарады. Бұл Сауд Арабиясы астанасының қаржы ауданындағы ірі нысанға екі аптадан аз уақыт ішінде жасалған екінші шабуыл. Бұған дейін, 8 қарашада хуситтердің шабуылы Saudi Aramco мемлекеттік мұнай компаниясының әкімшілік ғимаратына зиян келтірген болатын.
Содан кейін Сауд Арабиясы Йемендегі хуситтердің зымыран зауыттарына соққы жасады.