Зина Ақылбекова Ұлытау облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

АСТАНА. KAZINFORM – Зина Жұманазарқызы Ақылбекова Ұлытау облысының коғамдық даму, медениет, дене шынықтыру жене спорт, білім, дін және жастар ісі мәселелеріне жетекшілік жасайтын болады, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.

Зина Акылбекова назначена заместителем акима области Улытау
Фото: Ұлытау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Зина Ақылбекова 1965 жылы 17 мамырда дүниеге келген. 1987 жылы Жезқазған педагогикалық институтын, 2007 жылы Қазақстан-Ресей университетін аяқтаған.

Еңбек жолы:

1988-1995 Пионерлер активі мектебінің басшысы,

1995-2004 Аталған орында әдістемелік жұмыс бойынша директордың орынбасары,

2004-2007 Жезқазған қ., №11 орта мектебінің оқу ісінің меңгерушісі,

2007-2007 Индустриалдық инновациялық даму, информациялық технологияларды енгізу және сараптау жұмысы бөлімінің бас маманының міндетін атқарушы,

2007-2008 Индустриалдық инновациялық даму, информациялық технологияларды енгізу және сараптау жұмысы бөлімінің бас маманы,

2008-2011 «Жезқазған қаласы ішкі саясат бөлімі» ММ-нің басшысы,

2011-2011 «Жезқазған қаласының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ басшысының міндетін атқарушы,

2011-2015 «Жезқазған қаласының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ басшысы,

2015-2015 Жезқазған қаласы әкімі орынбасарының міндетін атқарушы,

2015-2022 Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары,

2022-2023 Ұлытау облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы,

2023 жылдан осы тағайындауға дейін Ұлытау облыстық маслихатының тұрақты негізде жұмыс істейтін халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт және жастар ісі жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы болып қызмет атқарған.

Осыған дейін Елімізде апта ішінде болған кадрлық тағайындаулар туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар