«Зияткерлік мектеп» дарынды балалар іздестірудің жалпыұлттық жүйесін құруға мүмкіндік береді - Н. Құдайбергенұлы

- Нұралы, сіздің ашқан жаңалығыңыз жөнінде әңгімелеп берсеңіз
- Ең алдымен, биылғы Тамыз кеңесі «Білім берудің инновациялық стратегиясы мемлекеттің, қоғамның және тұлғаның орнықты дамуының факторы ретінде» деген тақырыппен өткенін ерекше атап өткім келеді. Бұл өте өзекті. Біздің компания Орал және Астана қалаларында аталған іс-шараларға қатысты, өйткені біз тікелей білім беру саласына инновацияны енгізумен айналысамыз. Оқыту сапалы әрі тиімді болуы тиіс.
1-11 сынып оқушыларына арнап біздің РФ Инновациялық технологиялар институтының профессоры Олег Мухинмен бірлесіп жасаған «Зияткерлік мектеп» оқу-әдістемелік кешенінің арқасында Қазақстан озық білім беру технологиялары саласында әлемде бірінші орынға шықты.
Іс жүзінде біздің жүйе классикалық қағаз түріндегі (кітап, тақта, бор, т.б.), мультимедиялық (аудио және бейнеконтенті бар проектор), интерактивті (интерактивті тақта, арнайы нұсқаулықтар, қаламдар, т.б.) білім беру технологияларынан кейін соңғы төртінші буын болып табылады, Зияткерлік технологиялардың интерактивтіден артықшылығы ол оқушылардың қажеттілігіне орай, әрқайсысына жеке баға беріп, автоматты түрде тіркейтін сараптамалық жүйемен қамтылған. Сонымен бірге бағдарлама білім беру жүйесінің барлық деңгейлерінде оқыту процесі мен нәтижелері жөнінде нақты әрі шынайы ақпарат алуға бағытталған мониторинг жүргізеді.
Мұндай еш елде жоқ. Жапония, Сингапур, Оңтүстік Корея, АҚШ, Ұлыбритания және Еуропаның өзге елдерінде тек интерактивті модель қолданылады. Бұл жүйе бірыңғай тұғырнамада әрі бағдарламалаудың мүлдем жаңа тілінде (Stratum) жасалған. «Зияткерлік мектепті» планшеттерге, интерактивті тақталарға, флеш-карталарға, мектептердің компьютерлік сыныптарына және оқушылардың үйлеріндегі дербес компьютерлерге оңай жүктеуге болады.
- «Зияткерлік мектептің» көмегімен қандай пәндерді және жалпы қалай оқуға болады?
- Жүйеге әзірше ҚР білім беру стандартының физика, геометрия және орыс тілі бойынша контенті енгізілді. Оқу материалдары білім картасы және дағдылар картасы, яғни бір-бірімен өзара байланысқан бөлімдер мен тақырыптар түрінде беріліп отыр. Әр тақырып бойынша бала білуі керек ілім-білім топтастырылған. Білім көрнекі интерактивті модельдер арқылы берілетін болса, ал дағды жаттығу құралдары, виртуалды және шынайы зертханалық жұмыстар орындау арқылы қалыптасады.
- Оқушыларды мониторингілеу қалай жүзеге асады?
- Жүйе оқу үдерісін үздіксіз сараптамадан өткізіп отырады. Ол бала жүйемен жанасқан нәтижелерін жинақтап, оны мектеп деңгейінде ғана емес, қала, аймақ, мемлекеттік деңгейде де салыстырады. Баланың орындаған кез келген жаттығуы, тапсырмасы, зертханалық жұмыстары автоматты түрде сараптамалық жүйе арқылы бағаланып, оның жеке портфолиосында көрініс табады. Сөйтіп портфолиода біртіндеп оқушының білім, мүмкіндік, дағды карталары қалыптасады. Уақыт өте осы арқылы оқушы сабақтың қай жерін дұрыс түсінбей қалғанын, ал қай тұсты шапшаң есте сақтағанын, тіпті оның мүмкіндіктерін, мәселен «визуал - аудиал», «гуманитарий - нақты ғылымдарға жақын ба» және т.б. білуге; біртіндеп баланың құзыретін құрастыруға; оқушыға білім берудің жеке траекториясын құруға болады.
Сонымен қатар, жеке білім мен дағдылар картасын ұлттық деңгейде талантты балаларды іріктеуде пайдалануға болады. Осылайша кішкентай кезінен олардың қабілеттерін шыңдап, дамытуға болады.
Оқушының портфолиосына мұғалімдер ғана емес, олардың ата-аналары да қол жеткізе алады. Бұл оларды оқыту үрдісіне араластыру арқылы балаларына көмектесуге мүмкіндік береді.
Жүйе түрлі мамандықтар бойынша жұмыс берушілердің талаптарын ескере отыра баланың жеке кәсіби картасын да құра алады. Кәсіби картаны жұмыс берушінің талаптарымен салыстыра отырып, оқушыға мектепті тәмамдаған соң қандай мамандықты таңдауға болатынына кеңес беруге болады.
- Аталған жүйенің мұғалімдер үшін тиімділігі қандай?
- Мұғалім элементтерден өзінің авторлық сабағын құру үшін зияткерлік бағдарламалық кешенді белсенді пайдаланады. Әр сабақ оқушылардың қазіргі деңгейіне сәйкестендіріліп құрылған. Әр оқушының жеке, өзіне тән ерекшеліктерін есепке алуға, әрбірінің интерактивтілік деңгейіне қарай тапсырма параметрлерін белгілеуге мүмкіндік береді. Жүйенің жеке реакцияларына қарап мұғалім оқушылардың мүмкіндіктерін ескере бір тапсырмадан екіншісіне оңай көшіп, сабақ материалын түсіндіру бойынша қиындықтар туындамайды.
- Сұхбатыңызға рахмет!