Зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселесі талқыланады

АСТАНА. 20 ақпан. ҚазАқпарат - 22 ақпанда Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті Ұлттық зияткерлік меншік институтымен бірлесіп «Зияткерлік меншік саласында Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізеді. Бұл туралы комитеттің баспасөз қызметінен хабарланды.
None
None

Елбасы «Қазақстан-2050» стратегиясын жүзеге асыру бағытында өнертапқыштардың ойлап тапқан құрылғылары мен туындыларын тіркеуді жеңілдетуді тапсырған болатын. «Патенттерді, өнертабыстарды тіркеу үдерісін жеңілдетуге және осы көрсеткіш бойынша даму және Экономикалық ынтымақтастық ұйымы елдерінің дәрежесіне жетуге Үкіметке тапсырамын», - деген болатын Н. Назарбаев. Соған орай, ұйымдастырылатын дөңгелек үстел Елбасының берген тапсырмасын және Әділет министрлігінің 2013 жылға арналған Жедел жоспарының 38 тармағын орындау мақсатында өткізіледі. Шараға Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі өкілдері, мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, сонымен қатар патенттік сенім білдірілген өкілдері және құқық иелері қатысады. Жиын барысында зияткерлік меншік саласында заңнама актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелері қаралатын болады.

Соңғы жаңалықтар