Алматыдағы зілзала: Қала көшелерінде көліктер кептеліп қалды

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматы көшелерінде жер сілкінісінен кейін көлік кептелісі пайда болды.

көлік кептелісі
Фото: Pixabay

2GIS қосымшасында Алматыдағы кептеліс деңгейі сегіз балл деп бағаланған. 

Қала көшелерінің басым бөлігі қызыл-сары түске боялған, әсіресе әл-Фараби, Абай, Сейфуллин, Райымбек, Назарбаев даңғылдары мен Желтоқсан, Сәтбаев, Төле би көшелері.

Алматыда 120-дан астам патрульдік полиция экипажы жол қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жатыр.

«Алматыда жол жағдайы тұрақты және бақылауда: бағдаршамдар қалыпты режимде жұмыс істеп тұр, қаланың негізгі көлік артериялары қолмен реттеуге көшті.Жедел басқару Орталығының мәліметінше, ата-аналардың бір мезгілде балаларын үйлеріне алып кетуіне байланысты, қаладағы жалпы білім беретін мектептер мен балабақшалар аумағында көлік қозғалысы көбейген», — деп атап өтті полициядан.

Ведомстводан атап өткендей, Алматыдан барлық бағыттар бойынша шығатын жол ашық.