«Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн»: Астанадағы ғимараттар қызғылт-сары түске боялды
АСТАНА. KAZINFORM – Астанада «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» жаһандық акциясын қолдау мақсатында қаланың бірқатар нысанына қызғылт-сары түсті жарық жағылды. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі мәлімдеді.
Қызғылт-сары түс – жылылықтың, үміт пен ынтымақтың белгісі. Ол әр адамның құқығын қорғау қажеттігін және кез келген зорлық-зомбылыққа жол бермеу идеясын алға тартады.

Осы күндері елорданың маңызды нысандары ерекше жылы қызғылт-сары түске боялды. Әр нысан осындай маңызды мәселеге назар аудартып, көмекке мұқтаж жандарға қолдау көрсетуге үндейді.

Бұған дейін «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» халықаралық науқаны басталды.

Елордалықтар тренингке қатысып, тегін кеңес ала алады.
Тұрмыстық зорлық-зомбылық көргендер қайда жүгіне алатынын жазған болатынбыз.