Зорлықтың ешбір түрін қолдамаймыз – Түркия елшілігі бүлдіршінді тебу оқиғасы туралы үн қатты
«Алматыда кішкентай балаға қатысты болған күш көрсету оқиғасын өкінішпен естідік. Зорлық-зомбылықтың ешбір түрін, қалай және кім жасағанына қарамастан қабылдамайтынымызды жеткізе отырып, кішкентай балақай мен оның отбасына тез сауығып кетуін тілейміз», - деп жазды Түркия елшілігі әлеуметтік желіде.
Айта кетейік, Алматы облысының Қарасай ауданындағы сауда орталығында 4 жасар қыз баланы ер адам теуіп ұшырған. Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында тәртіп сақшылары 1998 жылғы Түркия Республикасының азаматын анықтап, полицияға жеткізді. Күдікті жауап алу барысында оқиғаны баяндап, өз кінәсін толық мойындады.
Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева күдіктінің ұсталғанын, «Бұзақылық» бабы бойынша іс қозғалғанын айтты. Жазасын мұнда өтегеннен кейін шетелдік ел аумағынан шығарылады.