12:31, 07 Наурыз 2013 | GMT +5
Зырянда қалың қардан 9 пәтерлі үйдің шатыры опырылып құлады
ӨСКЕМЕН. 7 наурыз. ҚазАқпарат - Бүгін түнде Зырян қаласында 9 пәтерлі барак үлгісіндегі тұрғын үйдің шатыры опырылып құлады.

Қираған аумақ 120 шаршы метрді құрады. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнына ТЖД-нің, полицияның және әкімдіктің өкілдері шықты.
10 адам туыстарының үйіне, 7 адам - мектеп-интернатқа орналастырылды.