Зыряновскіде 8 жасар қыз жоғалып кетті
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Зыряновск қаласында жоғалып кеткен сегіз жасар қызды ізделуде. Екінші сынып оқушысы кеше жоғалып кеткен. Ол мектепке кетіп, үйіне қайтып оралмаған, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
Ерікті іздеушілерді ұйымдастырушы Наталья қыздың анасы ол мектептен уақытында үйіне келмегеннен кейін іздей бастағанын айтты. Соңғы рет оны Рудный көшесі бойынша сағат 12.30-да автобус аялдамасынан көрген.
Полицияда баланы жеке құрам іздеп жатқанын хабарлады. Облыстық ішкі істер департаментінің мамандары көмекке шықты.