Айдын Ақанұлы Айымбетов

Айдын Ақанұлы Айымбетов

Қазақстандық ғарышкер
Туған күні
27 Шілде, 1972
53 жас
Туған жері
Қазақстан, Талдықорған облысы, Заря Коммунизма ауылы
Отбасы жағдайы
үйленген Лилия Алмұханбетқызы Айымбетова
Туыстық байланыс
Әмір (ұлы)
Диана (қызы)
Даяна (қызы)
Тіл білуі
Қазақша, Орысша
Еңбек жолы

Өмірбаяны

Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі (Қазғарыш) төрағасының кеңесшісі (11.09.2009 – 05.01.2016)

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ-ның ғарыш жүйелерін құру және пайдалану жөніндегі вице-президенті (05.01.2016 – 02.2019)

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары – өндіріс жөніндегі басқарма мүшесі (26.02.2019 – 09.2021)

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ басқарма төрағасы (09.2021 – 01.03.2024)

«Бәйтерек» бірлескен кәсіпорны» АҚ басқарма төрағасы (01.03.2024 жылдан бастап)

Әскери қызметі және атақтары

Қазақстан Республикасы Әуе қорғанысы күштерінде қызмет еткен, жойғыш ұшқыш (05.1993–1995)

СУ-27 ұшақтарында авиациялық эскадрильяның авиациялық буынының командирі (05.1995–2003)

Авиация генерал-майоры (05.05.2016)

Алғашқы ғарыш сапары

2015 жылғы 2 қыркүйекте «Союз ТМА-18М» ғарыш кемесінің экипажында бортинженер-2 ретінде ұшты. Экипаж құрамында командир Сергей Волков және бортинженер-1 Андреас Могенсен болды

4 қыркүйекте ғарыш кемесі станциямен түйісіп, «Поиск» (МИМ2) модуліне 35-ші айналымда автоматты түрде қондырылды

12 қыркүйекте сағат 00:29 (Мәскеу уақыты) «Союз ТМА-16М» кемесі Халықаралық ғарыш станциясынан ажырады. Сағат 03:51:34-те түсіру аппараты Жезқазған қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 153 км жерде жерге қонды.

Ұшу ұзақтығы:
9 тәулік 20 сағат 13 минут 51 секунд

Білімі

Армавир жоғары әскери авиациялық училищесі (1993) – ұшқыш-инженер

Ю.А. Гагарин атындағы ғарышкерлерді даярлау орталығы (Звёздный қалашық) – жалпы ғарыштық дайындық (16.06.2003)

Қазақстан Республикасының ғарышкері (12.10.2012)

Марапаттары

Ордендері:

«Отан» ордені, «Алтын Жұлдыз» медалі (14.10.2015)

Атақтары:

«Халық қаһарманы» (14.10.2015)

«Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы» (14.10.2015)

Фото
Архив казинформ
Посмотреть еще