Ерлан Ақкенженов

Ерлан Құдайбергенұлы Ақкенженов

ҚР Энергетика министрі

Туған күні
12 мамыр 1979, 47 жаста
Туған жері
Алматы қаласы, Қазақстан
Тілдерді білуі
Қазақша, орысша, ағылшынша, kz, ru

Өмірбаяны

Жекеменшік ұйымның бас маманы (2002)

Мұнай-газ саласындағы кәсіпорындарда басшылық қызметтер атқарды (2004–2012)

KMG International (Rompetrol) компаниясында бас менеджер, трейдинг жөніндегі аға басқарушы директор (2012–2016)

Коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеді (2016–2022)

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Мұнай өнімдерін маркетингтеу басқармасының басшысы (07.2022–06.2023)

Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министрі (06.2023–19.03.2025)

Қазақстан Республикасының Энергетика министрі (19.03.2025, 03.09.2026 жылдан бастап қайта тағайындалды)

Білімі

«Әділет» жоғары құқық мектебін (Заңгер-құқықтанушы)

«Астана» университетін (Мұнай-газ ісі) 

2025 жылы И.М. Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университетінде «Энергетикалық бизнесті басқару» мамандығы бойынша MBA бағдарламасы аясында кәсіби қайта даярлау

Марапаттары

2024 ж. — «Құрмет» ордені 

2024 ж. — «Еуразиялық экономикалық одаққа 10 жыл» медалі