Ғалымжан Мұқырұлы Ниязов
- Туған күні
-
14 Сәуір, 197353 жас
- Туған жері
-
Қазақстан
- Тіл білуі
-
Қазақша, Орысша, Ағылшынша
Еңбек жолын 1990-2006 жылдары аралығында әр түрлі салаларда жұмыс атқарған («ТұранМұнайГаз» ЖШС директорының орынбасары, «Оңды» ЖШС директоры, «Шебер» ЖШС директорының орынбасары, «Гранд» ЖШС атқарушы директоры және т.б.).
Ақтау қаласында Маңғыстау облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасында іс жүргізуші-мұрағатшы, бас маман қызметтерін атқарды (2006-2008)
2008-2010 жылдары аралығында Маңғыстау облысының құрылыс басқармасының бас маманы, басқарма басшысының орынбасары қызметтерін атқарды
Қызылорда қаласында 2013-2014 жылдары аралығында Қызылорда облысының құрылыс басқармасының бөлім басшысы және басқарма басшысының орынбасары қызметтерін атқарған
2014 жылы Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы болды
2016 жылдың ақпан айынан бастап «СК-Фармация» ЖШС бөлім бастығы, директоры қызметтерінде болды
2017 жылы Маңғыстау облысы әкімінің кеңесшісі болды
2017 жылдың 23 қараша айынан бастап Ақтау қаласының әкімі
2020 жылдың маусым айынан бастап Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары
2022 жылдың 16 қыркүйегінен бастап Маңғыстау ауданының әкімі
2000 жылы Қ.Сәтпаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетін «полиграфиялық мәшинелер мен автоматтандырылған кешендер» мамандығы
2008 жылы Ш.Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетін «өнеркәсіптік азаматтық құрылыс және қала шаруашылығы» мамандығы