Нұржан Молдиярұлы Нұржігітов
Су ресурстары және ирригация министрі
Өмірбаяны
Жамбыл облысы Жуалы ауданындағы М. Горький атындағы колхоздың механигі (1991–1992)
Жуалы ауданындағы Төле би атындағы агробірлестіктің бас инженері (1992–1996)
Жуалы ауданы әкімі аппаратының ауыл шаруашылығы бөлімінің маманы, бас маманы (1996–1997)
Жуалы ауданы әкімі аппаратының экономика бөлімінің бас маманы (1997–2003)
Жуалы ауданы әкімі аппаратының жалпы бөлімінің меңгерушісі (2003–2006)
Жуалы ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімінің бастығы (2006–2008)
Жамбыл облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық және кадр жұмысы бөліміндегі облыс әкімінің бас инспекторы (2008)
Жамбыл облысы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мониторингілеу және дамыту бөлімінің меңгерушісі (2008–2011)
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары (2011–2014)
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы (2014–2015)
Жамбыл облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы (08.2015–02.2018)
Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы (23.02.2018–08.2019)
Жамбыл облысы Байзақ ауданының әкімі (08.2019–04.2021)
Жамбыл облысы әкімінің орынбасары (04.2021–07.04.2022)
Жамбыл облысының әкімі (07.04.2022, 02.12.2022 жылдан қайта тағайындалды – 04.09.2023)
Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрі (04.09.2023, 06.02.2024, 03.09.2026 жылдан бастап қайта тағайындалды)
Білімі
Ленинград ауыл шаруашылығы институты (1991)
Мамандығы: «Инженер-механик»
Жамбыл гуманитарлық-техникалық университеті (2008)
Мамандығы: «Экономист»
Қостанай облысында 14,2 шақырымдық су бұру каналы салынып жатыр
Тобылдағы бөгет 3 500-ге дейін үйді тасқыннан қорғайды
Алматы облысындағы негізгі гидротехникалық нысандарды қайта жаңғыртудың жол картасы әзірленді
Су ресурстары министрлігі Үлкен Алматы каналын бетондау бойынша жоба әзірлеп жатыр
Қазақстан мен Германия су саласында жаңа хаб құруы мүмкін