Жұлдыз Досбергенқызы Сүлейменова

Жұлдыз Досбергенқызы Сүлейменова

ҚР Оқу-ағарту министрі

Туған күні
25 тамыз 1983, 42 жаста
Туған жері
Қазақстан; Актобе қаласы
Тілдерді білуі
Қазақша, орысша
Әлеуметтік желілер

Өмірбаяны

Алматы Экономика және статистика академиясының Ақтөбе институты оқытушысы, Жастармен іс жөніндегі комитетінің төрайымы, Ақтөбе қ. (2004 - 2006)
"Нұр Отан" ХДП Ақтөбе облыстық филиалының консультанты, "Жас Отан" Жастар қанаты республикалық кеңесі төрағасының орынбасары (2006)
Ы. Алтынсарин атындағы №159 көпсалалы гимназияның тарих және құқық пәні мұғалімі, Алматы қ. (2007 - 2008)
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Тәрбие жұмысы және тілдерді дамыту департаментінің жетекші маманы, проректордың орынбасары, Жастар әкімшілігінің төрағасы, Алматы қ. (2008 - 2011)
Халықаралық Бизнес Академиясының студенттермен жұмыс жөніндегі деканы, Алматы қ. (2011)
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің ғылыми хатшысы, Алматы қ. (2011 - 2012)
Нұр-Сұлтан қаласы Назарбаев Зияткерлік мектептерін дамыту департаментінің аға менеджері, директордың орынбасары, директоры (2012 - 2019)
Алматы қ. физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры (2019 - 2021)
VII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Әлеуметтік - мәдени даму комитетінің мүшесі, Астана қ. (2021 - 2023)

VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі (2023 -2025 жылғы 29 қыркүйек)

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі (2025 жылғы 29 қыркүйектен бастап)

Білімі

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (2004)

Тарих

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Магистратура) (2008)

Философия және саясаттану

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (PhD) (2012)

Мәдениеттану

Марапаттары

Қазақстан Республикасы Президентінің Алғысы (2005)

«Құрмет» ордені (2021)