Тұрғын үй

Қазақстандағы тұрғын үйлер - бүгінгі күннің өзекті ҚазАқпараттың жаңалықтары

«Нұрлы жер»:Батыс Қазақстанда 6 көпқабатты үй пайдалануға берілмек ОРАЛ. ҚазАқпарат – «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында Батыс Қазақстан облысында жыл соңына дейін алты үй пайдалануға берілмек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ БҚО филиалының директоры Аида Ипатованың өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте мәлім еткеніндей, соның ішінде 887 пәтер банк салымшыларының еншісіне тимек. Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында халықты қолжетімді баспанамен қамтамасыз етудің маңыздылығын атап көрсеткен болатын. Осыған орай тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі бойынша да тиісті жұмыстар атқарылуда. Батыс Қазақстан облыстық филиалында 84 мыңнан астам салымшы алдағы уақытта елдегі ең төменгі ставкалармен – жылдық мөлшерлемесі 2-ден 5 пайызға дейін несие алу үшін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі есепшоттарында ақша жинауда. Қазіргі таңда қаржы көлемі 33 млн теңгеден асады. А.Ипатованың сөзіне қарағанда, «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша іске қосылатын үйлерді