Бұл қадам 1- сыныпқа қабылдау процесін негізгі оқу кезеңінен бөлектеуге, мектеп әкімшілігіне түсетін жүктемені азайтуға және білім беру процесіне кедергі келтірмеу мақсатында жасалған.
– Биыл құжат қабылдау 27 мамыр, сәрсенбіден басталып, 31 тамызға дейін жүргізіледі. Қазіргі таңда база бірнеше мәрте тесттен өтіп жатыр, ата-аналар үшін барынша қолайлы жағдай жасалды, оны қосымша таныстыратын боламыз, - деді министр.
Жаңа ережеге сәйкес, мектепалды даярлық бағдарламасын белгілі бір білім беру ұйымында меңгерген және оқуын сол мектепте жалғастыруға ниет білдірген балалар бірінші сыныпқа автоматты түрде қабылданады. Бұл жаңашылдық құжат айналымын айтарлықтай қысқартып, ата-аналар үшін рәсімдерді жеңілдетеді, сондай-ақ мектепалды даярлық пен бастауыш білім беру арасындағы сабақтастықты нығайтады. Сонымен қатар, ата-аналардың баласын басқа мектепте оқытуды таңдау құқығы толық сақталып, құжаттарды жалпы тәртіппен тапсыру мүмкіндігі қарастырылған.
Цифрлық жүйелердің жұмысын тұрақтандыру мақсатында биылдан бастап өтініштерді қабылдаудың өңірлік кестесі енгізіледі. Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігімен бірлесіп әзірленген бұл тәсіл ақпараттық жүйелерге түсетін техникалық салмақты теңгеруге көмектеседі. Әр өңір үшін бекітілген кезең-кезеңімен қабылдау кестесі техникалық іркілістердің алдын алып, портал жұмысының үздіксіздігін қамтамасыз етеді.
Жалпы алғанда, ұсынылған өзгерістер қабылдау жүйесінің ашықтығы мен тиімділігін арттырып, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жаңа деңгейге көтеруге бағытталған. Бұл шаралардың білім беру ұйымдарының басқарылуын жақсартып, ата-аналар мен мектеп ұжымы арасындағы байланыстың қолайлылығын арттырады.
Айта кетейік, Бейжің бастауыш мектебінің оқушылары Қазақстан мәдениет орталығына барды.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен 2023-2025 жылдары елімізде балалардың сапалы және тегін білім алуға тең қол жеткізуін қамтамасыз етуге бағытталған «Келешек мектептері» ұлттық жобасы жүзеге асырылды.