Елімізде ауа сапасы нашарлайтын қалалардың саны қайта көбейді

АСТАНА. KAZINFORM – «Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

Фото: Юрий Ким

– 10 қыркүйекте Алматы, Өскемен, Ақтөбе, Қарағанды, Теміртау қалаларында, түнде Семей, Атырау, Жезқазған қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, – делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Айта кетейік, экожүйелерді қалпына келтіру, парниктік газдардың сіңірілуін ұлғайту, көміртек бірліктерін қалыптастыру мақсатында еліміз 100 мың гектар жасанды орман құру жобасын бастайды.

Сондай-ақ елімізде ауа сапасы нашарлайтын қалалардың қатары көбейгенін жаздық.

Ал ағаштардың қаланы қалай қорғайтынын, яғни жасыл желектің бес пайдасын мына жерден оқи аласыз.