«Мемлекет басшысы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру жөнінде тапсырма берді. Ұлттық жоба аясында 2025 жылдың соңына дейін 800 мыңнан астам оқушы орны беріледі, бұл үш ауысымды және апатты мектептер мәселесін толығымен шешеді. Жаңа мектептер үшін құрылыс пен жарақтандырудың ең жоғары, заманауи және бірыңғай стандарттары қолданылады. Келесі жылы бұрын-соңды болмаған көлемде мектептердің құрылысы басталады», - деді А. Аймағамбетов.
Оның айтуынша, 2023 жылы Алматы қаласы бойынша әкімдікпен бірге жаңа 20 мектептің құрылысын бастау жоспарланып отыр. Осы орайда 2024 жылы Алматыда 80 мың орынға арналған мектептер салынып, проблема толығымен шешіледі.
«Астана қаласы бойынша да дәл осындай жоспарларымыз бар», - деді министр.
Бұдан бұрын хабарланғандай, балабақшаларда балаларды ерте дамытудың жаңа моделі енгізіліп жатыр. Осы орайда ондағы бағдарлама да, оқыту әдістері да түбегейлі өзгереді.
Сонымен қатар, мектептерге арналған жаңа мемлекеттік стандарттар мен оқу бағдарламалары әзірленіп жатыр.