Елдер тізімі 6 қазанда жарияланған алғашқы мәлімдемемен салыстырғанда өзгермеген. 31 қазанда аяқталған өтінім қабылдау мерзіміне дейін басқа бірде-бір елдің ұлттық олимпиада комитеті қызығушылық білдірмеді.
— Бұл — «Болашаққа дайындық» бағдарламасы аясында енгізілген өзгерістерге сәйкес таңдалатын алғашқы Олимпиада ойындары, — деді ХОК мүшесі әрі Олимпиаданы өткізуге лайықты қаланы таңдау жөніндегі комиссия төрайымы Колинда Грабар-Китарович.
Оның айтуынша, 2036 жылғы Олимпиаданы өткізуге көптеген елдің қызығушылық танытуы әлем мемлекеттерінің бұл ойындардың жергілікті қоғамдастық үшін әлеуметтік және экономикалық маңызын мойындайтынын көрсетеді.
Грабар-Китарович ХОК алдағы уақытта Олимпиаданы өткізу жөніндегі ұсыныстарын әзірлеу барысында аталған 7 тараппен де ынтымақтастықты жалғастыратынын айтты.
Айта кетейік, 2032 жылғы Олимпиада және Паралимпиада ойындарының ресми эмблемасы таныстырылды.