АСТАНА. KAZINFORM — 6 қыркүйекте VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында Қазақстан және Қырғызстан құрамалары көкбөрі мен көкпардан бас жүлдені сарапқа салады.
Айта кетейік, VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында мангала жарысында ерлер арасындағы командалық жарыста Астана қаласының спортшысы Биғали Зкрияев I орын иеленді.
Ал кеше Қазақстан құрамасы 300 шақырымдық ат жарысында үздік атанды.
Қазақстан Көшпенділер ойынында 25 алтын медальмен көш бастады.
Бақытгүл Абайқызы
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің түлегі. Л.Н. Гумелев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің магистрі. "Ақпарат саласының үздігі" салалық төсбелгі иегері (2018 ж.)